Гай Ричи немесе Ритчи (, 10 қыркүйек, 1968, Хатфилд, Хартфоршир, Ұлыбритания) — британдық кинорежиссер, продюсер. Ең танымал фильмдері - «Карты, деньги, два ствола», «Большой Куш», «Револьвер», «Рок-н-рольщик» және «Шерлок Холмс».
Өмірбаяны Гай 1968 жылы 10 қыркүйекте, Хатфилд қаласында дүниеге келеді. Оның әкесі, Джон Ричи, жарнама компаниясының атқару директоры. Ата-анасы ажырасқан соң, анасымен және оның күйеуімен тұра бастайды. Гай Ричи 1998 жылы Lock, Stock and Two Smoking Barrels фильмі шыққан соң, Ұлыбританияның үздік режиссерлер қартарына кіреді.
Жеке өмірі Америкалық әнші - Мадоннаның күйеуі болған. 2000 жылдың 11 тамызында дүниеге келген Рокко атты ұлы бар. Ол Лос Анжелес қаласында дүниеге келген (Калифорния, АҚШ). «Рокконың қасында қанша болсам, сонша балалар жайлы фильм түсіргім келеді». Мадонна мен Гай жеті жыл бірге тұрып, 2008 жылдың 15 қазанында ажырасады. Олардың 14 жасар Рокко және Дэвид атты ұлдары бар. 2011 жылдың 5 қыркүйегінде Гайдың үшінші ұлы- Рафаэль дүниеге келеді. Оның анасы Джеки Эйнсли. 2012 жылдың 29 қарашасында Ривка атты қыздары, ал 2014 жылдың маусымында үшінші балалары дүниеге келді.http://www.imdb.com/name/nm0005363/
Дереккөздер