Қызылтау – Жаман Айбат тауларының оңтүстік-шығысындағы аласа тау.

Географиялық орны Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы Шалқия кентінің оңтүстік-батысында 142 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 360 м. Солтүсттік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км.

Жер бедері Жер бедері жонды-белесті келген. Солтүстігінде Ұзыншығанақ қонысы, батысында Жүзжасар, шығысында Қоңыратбай төбесі бар.

Өсімдігі Сортаң, сұр топырақ жамылғысында боз жусан, баялыш, бұйырғын, т.б. шөлге тән өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы таулары