Рой Джонс (; 16 қаңтар 1969, Пенсакола, Флорида, АҚШ) — америкалық кәсіпқой боксшы.

1988 жылғы Олимпиада Ойындарының күміс жүлдегері. Жартылай ауыр салмақтағы абсолютті әлем чемпионы. Бірінші (IBF нұсқасы, 1993— 1994), екінші орта (IBF нұсқасы, 1994— 1996), жартылай ауыр (WBC нұсқасы, 1997, 1997— 2002 және 2003— 2004; WBA нұсқасы, 1998— 2002; IBF нұсқасы, 1999— 2002), бірінші жартылай ауыр (WBU нұсқасы, 2013—қ.у.) және ауыр (WBA нұсқасы, 2003) салмақ дәрежелері бойынша әлем чемпионы. Америкалық журналисттер бірлестігі Джонсты 90-шы жылдардағы «Онжылдықтың боксшысы» деп атады. 1996, 1999 және 2003 жылдары үздік боксшылардың рейтингін бастап тұрды. Бокс тарихындағы орта салмақта, екінші орта, жартылай ауыр және ауыр салмақта әлем чемпионы болған тұңғыш боксшы. Онымен қоса Рой Джонс музыкалды және актерлік мансабымен белгілі. 2001 жылы ол рэп стиліндегі алғашқы альбомын жазды, ал 2003 жылы «Матрица: Перезагрузка» фильмінде капитан Баллард рөлін сомдады.

Синглдері 2001 — Y’all Must’ve Forgot 2001 — And Still 2004 — I Smoke, I Drank (Body Head Bangerz) 2004 — Can’t Be Touched (Body Head Bangerz) 2009 — Battle Of The Super Powers 2011 — Heart of the Champion

Фильмография 1997 — «Женаты… с детьми» — камео 1997 — «Адвокат дьявола» 1999 — «Часовой» — Рой Уильямс 1999 — «Магистрали Нью-Джерси» 2003 — « Матрица: Перезагрузка» — Капитан Баллард 2007 — «Радушно приглашённый» — Ленни Бэнкс 2010 — «Боец» —конферансье 2010 — «Знакомство с Факерами 2» — ата-ана 2012 — «Универсальный солдат 4» — Унисол 2013 — «Забойный реванш» — комментатор

Бейнеойындар 2003 — Enter the Matrix 2004 — Fight Night 2004 2005 — Fight Night Round 2 2006 — Fight Night Round 3 2009 — Fight Night Round 4 2011 — Fight Night Champion

Сыртқы сілтемелер Дереккөздер

Санат:АҚШ боксшылары

Санат:АҚШ актерлері Санат:АҚШ музыканттары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегерлері