Брайан Хью Уорнер (), көпшілікке Мэрилин Мэнсон атымен танымал (; 5 қаңтар 1969, Огайо штаты, Кантон қаласы, АҚШ) — әнші, жазушы, суретші, журналист, актер, Мэрилин Мэнсон (топ) тобын құрған адам. Оның Мэрилин Мэнсон аты екі 60-шы жылдардың басты адамдарының аттарынан құралған. Дəлірек айтсақ, әйгілі актриса Мэрилин Монро жəне бірнеше адам өлтірген - Чарльз Мэнсон.

Өмірбаяны Брайан Хью Уорнер неміс Хью Уорнер жəне Барбара Уорнер отбасысында жалғыз бала болды. Брайан Флоридадағы мектебін бітірген соң, ол өзіне музыкалық журналда жұмыс тапты. 1989 жылы Брайан жəне гитарист Скот Путески өзінің рок-группасын құрайды. Бұл рок-группа өзінің тындармандарын əрдайым таңғалдырады: концерт кезінде сахнадан құлайтын бутербродтар, оттың қолданылуы, отшашу жəне өлең сөздерімен де.

1998 жылы Мэнсон Роуз Макгоуэнді кездестіреді, олар құдаласады, бірақ отбасы құра алмады. 2005 жылы 28 қарашада Мэрилин Мэнсон жəне Дита фон Тиз үйленеді, бірақ бір жыл өткен соң, олар ажырасады.

Сыртқы сілтемелер Ресми сайты

Санат:АҚШ актерлері Санат:Marilyn Manson музыканттары Санат:АҚШ рок музыканттары