Модерадос партиясы () немесе Модерадос Либералды партиясы () – 1820-1868 жылы дворяндар мен буржуазияның бір бөлігін біріктірген испан оңшыл либералдарының партиясы.
1820-1823 ж. Испан революциясы кезінде пайда болған Модерадос үкіметі (1820 ж. наурыз - 1822 ж. тамыз) бірқатар реформаларды жүзеге асырды. Бірақ абсолютизм жақтаушыларымен күресте тайғақтық көрсетіп, солшыл либералдарға өкіметті беріп койды. Карлшылдар соғысы басталғаннан кейін регентша Мария Кристина өкіметі 1834 ж. 15 қаңтарда оңшыл либералдар басшысы Франсиско Мартинес де ла Росаға әперді. 1835 ж. қыркүйекте халық қозғалысы Модерадос үкіметін отставкаға кетуге мәжбүр етті. 1840 жылдары Модерадос партиясы демократиялық реформаларға белсене қарсы күресті. 1843 ж. Модерадос басшысы Рамон Мария Нарваэс контрреволюциялық төңкеріс жасап, 1834–1843 ж. Испан революциясын күйретті. 1868–1874 ж. Испан революциясы басталған соң Модерадос партиясы өз жұмысын тоқтатты.Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша саяси партиялар Санат:Испанияның саяси партиялары Санат:Либералды партиялар Санат:Саяси партиялар