250px|нобай|оңға|Фатали Хан Искендер оглы Хойски Фатали Хан Ескендіроғлы Хойски (, кейде Хан-Хойски; 28 қараша 1875 жыл, Шеки, Әзірбайжан - 19 маусым 1920 жыл, Тбилиси, Грузия) — әзірбайжан халқының көрнекті қоғам және мемлекет қайраткеріFuad Akhundov Fatali Khoyski — Prime Minister (1875—1920) Azerbaijan International, vol. 6.1, Spring 1998 Азербайджанская Народная Республика (Азербайджан Халг Джумхуриййети) — первая парламентская республика на Востоке (май 1918 ж. — сәуір 1920 ж.).

Мәскеу университінің заң факультетін бітірген (1901). 1907 жылға дейін Елизаветполь, Сухуми, Батуми, Кутаиси және Екатеринодар аймақтық соттарында прокурордың көмекшісі, прокурор болып жұмыс істеді. 1907 ж. Екінші мемлекеттік Думаға депутат болып сайланып, Мұсылман фракциясының құрамына енді. Мұсылман фракциясының бағдарламасын әзірлеуге ат салысып, оның құрамындағы Б. Қаратаев, А. Бірімжанов, Ш. Қосшығұлов сияқты қазақ депутаттармен тығыз байланыста болды. 1908-1913 Елизаветполь губерниясында адвокат, 1914-17 ж. Бакуде судья болып жұмыс істеген. 1917 ж. Ақпан революциясынан кейін Бакуде құрылған кавказ мұсылмандарының Орталық комитетінің мүшесі болып сайланды, Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесінің мүшесі болды. Әзербайжан автономиясының жариялануын қолдап, осы бағыттағы қоғамдық-саяси іс-шараларға белсене араласты. 1918 ж. 28 мамырда Әзербайжан Демократиялық Автономиялық республикасы жарияланғаннан кейін Әзірбайжан парламентінің мүшесі, сыртқы істер министрі, үкімет төрағасы болды. Бакуге түрік әскерлерінің енуін қолдап, кеңестік биліктің орнауына қарсылық білдірді. Бакуде кеңес өкіметі орнаған соң Тбилисиге кетті, сонда армян дашнактарының қолынан қаза таптыҚазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.

Дереккөздер

Санат:1875 жылы туғандар Санат:1920 жылы қайтыс болғандар Санат:Әзербайжан қорғаныс министрлері Санат:Әзербайжан саясаткерлері