Шартты зардапты бактериялар - бактериялардың бір тобы. Олар адамның әр түрлі органдарында, теріде, ішек-қарында, тыныс жолдарында тіршілік етеді. Олар организмнің тінді сұйықтықтарындағы жеңіл сіңетін көмірсуды (глюкоза мен аминқылқылдары) тауып алады да, қалыпты жағдайда шартты зардапты бактериялар организмге зиянын тигізбейді. Егер тіршілік жағдайлары күрт өзгерсе (мысалы шамадан тыс салқындағанда, әр түрлі радиац.сәулелер әсер еткенде), олар уыттылық (патогендік) қасиет көрсетіп, организмде ауру қоздыра бастайды. Бұлар алғашқыда организмде комменсалдық (бірлесе тіршілік ету) түрде тіршілік еткенімен, кейін организмге үлкен зиян келтіруі мүмкін. Дереккөздер Қазақстан ұлттық энциклопедия. 9 том. Алматы, 2007.
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Шартты зардапты бактериялар · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.