Навбәти (т.-ө. ж. белгісіз) – 18 ғасырда жасаған ұйғыр ақыны. Хотанда (Шығыс Түркістан) туып өскен. Навбәти лирик ақын. Шығармаларының дені – ғазелдер, рубаилар. Негізгі туындысы 1740 ж. жазған өлеңдер диуаны (жинаған). Навбәти шығармаларында туған елінің азаттығы мен бостандығын көкседі, үстем тап өкілдерінің, дін иелерінің озбырлығына қарсы үн көтерді, ұйғыр тілінде шыққан «Әсирләр садаси» атты жинақта (1963) жарияланды, ұйғыр мектептерінің 8-класына арналған әдебиет оқулығында (1972) басылды. Қазақ совет энциклопедиясы 1976 жыл. / М.Қ.Қаратаев
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Навбәти · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.