Джеймс Патрик Стюарт (ағыл. James Patrick Stuart; 16 маусым 1968) — ағылшын-американдық театр, кино, теледидар актері.

Өмірбаяны мен жеке өмірі Стюарт 1968 жылы 16 маусым күні Калифорния штатындағы Голливудта Чед және Джилл Стюарттар отбасында туды. Эндрю атты ағасы мен Бэт атты кіші қарындасы бар. Джеймс Стюарт өзінің балалық шағын музыкалық индустрияда өткізген, себебі оның әкесі Chad & Jeremy музыкалық дуэттің құрамасында болған. Мансабының басында ол Патрик Стюарт атымен жүріп, «Галактика 1980» сериалында доктор Зи рөлін ойнаған.

Атағын көбінесе келесі фильмдарда шақырылған актер ретінде ойнағандықтан иеленді: «C.S.I.: Қылмыс орны», «Энди Рихтер ғаламды басқарушы», «The Closer», «Фрейзьер». Джеймс Стюарт компьютерлік ойындарды да дауыстаған: «Kingdom Hearts II», «Kingdom Hearts Birth by Sleep», «Call of Duty 2» және т.б. 1989 - 1992 жылдар аралығында "Менің барлық балаларым" сериалында Уилл Кортленд рөлін ойнаған. "90210: Жаңа ұрпақ" сериалының бірінші сезонының бірнеше эпизодында көрінген. "Росомаха және Икс-Адамдар" мультсериалында Авалан мен «Мадагаскар пингвиндері» мультсериалында бірнеше кейіпкерді дауыстады. Ең әйгілі жұмыстары: "Геттисберг" (1993) және оның приквелі "Құдайлар арамызда" (2003). Осында Стюарт Полковник Эдвард Александр рөлін ойнаған.

Жеке өмірі 2000 жылы 9 қыркүйекте Джозелинмен бірге неке құрды. Қазіргі кезде отбасымен бірге Лос-Анджелесте тұрады. Осы некеден екі ұлы бар.

Сілтемелер Джеймс Патрик Стюарт Internet Movie Database сайтында Джеймс Патрик Стюарттың ресми сайты

Санат:АҚШ телевизия актерлері