Жадыра Дәрібаева - 1948 жылы 4 қыркүйекте Қызылорда облысының Сырдария ауданы орталығында дүниеге келген. 1964 жылы сондағы орыс мектебінің 8-сыныбын, 1968 жылы Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін бітірген. Одан кейін бірер жыл Қызылорда қалалық комсомол комитетінде істеген. 1968—1970 жылдары Қызылорда пединститутының филология факультетінде (сырттай), 1970 — 1978 жылдары Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімінде оқыған. 1978-1991 жылдары Мәскеудегі А.В.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген. 1982—1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі, 1991 — 1992]жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған.
Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік Әнұраны мәтіні авторларының бірі. 1996 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған. Шығармалары Гүлжайна. Өлеңдер. А., «Жалын», 1979; Мейір. Өлеңдер. А., «Жалын», 1988; Біздің жақтың ас пайы. Өлеңдер. 1998; Қасиеттілік шырағы. Өлеңдер. А., «Балалар әдебиеті», 2007.Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл
Дереккөздер
Санат:4 қыркүйекте туғандар Санат:1948 жылы туғандар Санат:Сырдария ауданында (Қызылорда облысы) туғандар Санат:Қазақстан ақындары Санат:Құрмет орденінің иегерлері