Андерс Розенкранц Линдегор — 1984 жылы 13 ақпан күні Данияның Оденсе қаласында дүниеге келген Дания қақпашысы. Ұлттық құрама сапында 2010-11 жылдары бес ойында алаңға шықты.
Карьерасы Ол өзінің футбол карьерасын "Оденсе" клубында бастаған еді. Қақпашы ең алғаш ойының 2009 жылдың 30-шілдесінде УЕФА Чемпиондар лигасының квалификациялық раундында "Работнички" клубына қарсы өткізіп, 4 - 3 есебімен жеңіске жеткен болатын. Алайда, "Манчестер Юнайтед" клубының экс-қақпашысы Рой Кэрролдың "Оденсе" клубына келген сәттен бастап, Линдегор норвегиялық "Олесунну" клубына жалға берілген болатын және де бірер уақыт өткеннен кейін осы клубпен келісім-шартқа отырды. Андерс Дания жас құрамасында ойнаған, ал 2010 жылдың 7 қырқүйегінде ұлттық құрамаға командасына қосылып Еуро-2012 чемпионатының Исландияға қарсы ойының өткізіп, 1-0 есебімен ойын Дания ұлттық құрамасының жеңісімен аяқталды.
2010 жылдың 27-қараша күні "Манчестер Юнайтед" Андерс Линдегорпен келісімге отырғанын жария етті. Бұл келісім 3,5 жылдық мерзімге есептелген. Сатып алынған құн әлі де беймәлім. Данияның қақпашысы 2011 жылдың қантарынан бастап жаңа клубта өзініМанчестер Юнайтед клубының ресми сайты мансабын жалғастырды. Қазіргі уақытта ол 29 ойын өткізіп, 11 ойынында қақпасына доп салдырмаған. http://www.manutd.ru/team/squad/45/
Ойнаған клубтары 2003—2009 Оденсе11 (-7)2008→ Кольдинг10 (-13)2009→ Олесунн18 (-28)2009—2010 Олесунн38 (-43)2011—2015 Манчестер Юнайтед19 (-21)2015—2016 Вест Бромвич Альбион0 (0)2016→ Престон Норт Энд14 (-14)2016—2017 Престон Норт Энд8 (-12)2017— Бернли0 (0)
Дереккөздер
Сілтемелер
Санат:Дания футболшылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Дания Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Оденсе ФК ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары Санат:Престон Норт Энд ФК ойыншылары Санат:Бернли ФК ойыншылары Санат:Хельсинборг ФК ойыншылары