Қушың, Кучинский Белок – Үбі жотасының шығысындағы тау.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы Риддер қалалық әкімдігіне қарасты аумақта орналасқан. Абсолюттік биіктігі 2057 м. Батыстан шығысқа қарай 14 км-ге созылған, енді жері 6 км.

Жер бедері Тау бірнеше қырқалы тауларға бөлініп, өзен аңғарларымен тілімденген. Солтүстігінен Қара Үбі, оңтүстігінен Ақ Үбі өзендерінің салалары бастау алады.

Геологиялық құрылымы Пермь, тас көмір, девон кезеңдерінің гранитоидты жыныстарынан түзілген.

Өсімдігі Жоғарғы белдеуде шырша, майқарағай, тау шатқалында қайың, көк терек аралас орман өседі. Тау етегінде шалғын топырақтың шөбі шүйгін жайылым.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Риддер қалалық әкімдігі таулары