Қарабидайық, Жангелді, Бидайық – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы жерімен ағады.
Бастауы Бастауын Бесшоқы, Жуанқоңыр тауларынан алып, Ақшатау кентінің батысында 10 км жерде тартылып қалады.
Гидрологиясы Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 1600 км2. Арнасы тік жарлы. Жер асты, жауын-шашын суларымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,20 – 0,30 м2/с. Жайылмасы – шабындық, суымен егін суғарылады.Қазақ энциклопедиясыҚарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы өзендері Санат:Балқаш су алабы