Дмитрий Андреевич Зыков (7.11.1892, Ресей, Тула облысы Скуратов стансасы – 30.1.1975, Алматы қаласы) – ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы (1940), профессор (1935), Қазақстан ғылым академиясының академигі (1951), Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1951).
Воронеж ауылшаруашылығы институтын бітірген (1921). Қазақстан Егін шаруашылығы халкоматының бас агрономы (1929–30), Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтында кафедра меңгерушісі (1930–41; 1946–51; 1968–75), институт директоры (1941–46), Қазақстан ҒА Төралқасы жанындағы өндіргіш күштерді зерттеу кеңесінің төрағасы (1955–68) қызметтерін атқарған.
Зыков мал азығын өндіру, егіншілік пен өсімдік өсіру мәселелерін зерттеп, ғылыми тұрғыдан қорытты, зерттеу нәтижелерін республиканың ауылшаруашылығы өндірісіне енгізді. Ауыспалы дақылдардың ғылыми негіздемелерін жасап, ауылшаруашылық өсімдіктерінің жаңа сорттарын алды.
Ленин, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, 1-дәрежелі Отан соғысы, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том
Дереккөздер
Санат:7 қарашада туғандар Санат:1892 жылы туғандар Санат:Скуратов стансасында туғандар Санат:30 қаңтарда қайтыс болғандар Санат:1975 жылы қайтыс болғандар Санат:Алматыда қайтыс болғандар Санат:Тула облысында туғандар Санат:Ресей телеграфшылары Санат:КСРО агрономдары Санат:Қазақстан агрономдары Санат:КСРО өсімдіктанушылары Санат:Қазақстан өсімдіктанушылары Санат:Қазақ КСР ғылым академиясы академиктері Санат:Қазақ КСР ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы академиктері Санат:КОКП мүшелері Санат:Воронеж мемлекеттік аграрлық университеті түлектері Санат:Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессорлары Санат:Қазақ КСР-інің еңбек сіңірген ғылым қайраткерлері Санат:Ленин орденінің иегерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:I дәрежелі Отан соғысы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері