Жукова Татьяна Яковлевна - еңбекші, Социалистік Еңбек Ері (1966 ж.), ауылдық, аудандық, облыстық Еңбекшілер Кеңесінің депутаты.
1914 жылы Пензен облысы Нижеломов ауданы Большой Мечкос селосында туған. 1957 жылдан Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданындағы «Заречный» кеңшарында бұзау күтушісі болып істеді. 1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығымен Татьяна Яковлевна Жуковаға Социалистік Еңбек Ері атағы берілді Айбын. Энциклопедия. / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы: «Қазақ энциклопедиясы», 2011. - 880 бет.ISBN 9965-893-73-Х.
Дереккөздер
Санат:1914 жылы туғандар Санат:Солтүстік Қазақстан облысы Санат:Социалистік еңбек ерлері