Ганьсу (; пиньинь: Gānsù) — Қытай Халық Республикасының солтүстік-батысында орналасқан өлке. Әкімшілік орталығы және үлкен қаласы — Ланьчжоу. Тұрғын саны 2010 жылғы көрсеткіш бойынша 25 575 254 адам.

География Бұл қала Тибет үстірті, Моңғолия, Ұйғырстан және Сычуань провинцияның арасында орналасқан. Климаты континенттік. Ганьсу арқылы Хуанхэ өзені өтеді. Дала жазықтығы 6,64 млн. гектар жерді алса, ормандар - 4,26 млн. гектар алады екен. Қытайдағы ең қауіпті қала болып есептеледі: себебі 1920 жылы 16 желтоқсанда күшті жер сілкінісі болған еді. Зардабынан 200 мың адам көз жұмған.

Халқы Ганьсу — көпұлтты провинция болып есептеледі. Алайда, көншілігі — қытайдықтар болып келеді. Одан басқа ұлттар: и, наси, тибеттіктер және цян. Тибеттіктерде мен цяндарда провинция ішінде өздерінің автономды аймақтары бар: Гардзе-Тибет автономды аймақ, Нгава-Тибет-Цян автономды аймақ және Ляншань-И автономды аймақ.

Ганьсуда түркі тілдес халықтарда өмір сүреді. Мәселен, қазақтар, саларлар және ұйғырлар.

Әкімшілік бөліну Карта № Қазақша атауы Қытайша атауы Пиньинь Облыс түрі1Цзюцюань酒泉市Jiǔquán ShìҚалалық аудан2Цзяюйгуань嘉峪关市Jiāyùguān ShìҚалалық аудан3Чжанъе张掖市Zhāngyè ShìҚалалық аудан4Цзиньчан金昌市Jiǔquán ShìҚалалық аудан5Увэй武威市Wǔwēi ShìҚалалық аудан6Байинь白银市Báiyín ShìҚалалық аудан7Ланьчжоу兰州市Lánzhōu ShìҚалалық аудан8Линься-Хуэйский АО临夏回族自治州Línxià Huízú ZìzhìzhōuАвтономды аудан9Ганьнань-Тибетский АО甘南藏族自治州Gānnán Zāngzú ZìzhìzhōuАвтономды аудан10Динси定西市Dìngxī ShìҚалалық аудан11Луннань陇南市Lǒngnán ShìҚалалық аудан12Тяньшуй天水市Tiānshuǐ ShìҚалалық аудан13Пинлян平凉市Píngliàng ShìҚалалық аудан14Цинъян庆阳市Qìngyáng ShìҚалалық аудан

Сыртқы сілтемелер Ганьсу провинциясы Ганьсу провинциясы — жалпы мәліметтер 甘肅省人民政府網站 (Ганьсу) Ганьсудың картасы Барлық мәліметтер Ганьсу жайлы

Санат:Ганьсу Санат:Қытай провинциялары