Мехикали () — Солтүстік-Батыс Мексикадағы қала. Төменгі Калифорния штатының әкімшілік орталығы. АҚШ шекарасындағы Колорадо өзені алабында орналасқан. Атырабында суармалы егін (мақта, бидай т. б.) шаруашылығы дамыған. Мақта тазалау, тамақ кәсіпорындары бар.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер

Санат:Мексика қалалары