Қарсақбай – Бұғылы тауларының шығысындағы тау.
Географиялық орны Қарағанды облысы Шет ауданы Құттыбай ауылының солтүстік-шығысында 16 км жерде орналасқан. Абсолюттік биіктігі 1107 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 8 км-ге созылған, енді жері 5 км.
Жер бедері Тізбектелген шоқылардың беткейлері тіктеу келген. Оңтүстік бөлігінде қорымтас үйінділері шоғырланған.
Геологиялық құрылымы Силур кезеңінің гранитті, гранодиоритті тау жыныстарынан түзілген.
Өсімдігі Таудың қиыршықты қоңыр топырақ жамылғысында бұта аралас жусан, боз, селеу және селеулі-сұлыбасты өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Шет ауданы таулары