Николай Михайлович Горчаков (19. 8. 1898, Санкт-Петербург,—28. 8. 1958, Джубга) - орыс кеңесрежиссері, педагог, театр зерттеушісі. РКФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1943), өнертану ғылымдарының докторы (1948).
Мәскеу Көркем театрының 3-студиясында (Е. Б. Вахтанговтың жетекшілігімен) оқып төрбиеленді. 1922 жылдан осы студияның режиссері әрі актері. 1924 ж. МХАТ-қа ауысады. Мұнда басқа режиссерлермен бірлесіп Н. Виртаның «Жерін», Шериданның «Сойқы сөз мектебін», С. Маршактың «Он екі айын», А. Кронның «Флот офицерін» қойды. 1933—41 ж. және 1943—48 ж. МХАТ-тағы қызметімен қоса Мәскеу Сатира театрының көркемдік жағын басқарды. Пьеса стилін нәзік түсінетін, сахналық мәдениеті жоғары режиссер. Педагогикалық қызметпен де шұғылданды. 1939 жылдан Мемлекеттік театр өнері институтында режиссура кафедрасының меңгерушісі әрі профессоры. КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1946, 1952). 3 орден, медальдармен марапатталған.Қазақ советі энциклопедиясы.
Дереккөздер
Санат:1898 жылы туғандар Санат:Санкт-Петербургте туғандар Санат:1958 жылы қайтыс болғандар Санат:Ресей режиссёрлері Санат:КСРО режиссёрлері Санат:Ресей өнер қайраткерлері Санат:Ресей ғалымдары Санат:КСРО педагогтары Санат:Ресей педагогтары Санат:Профессорлар Санат:КСРО мемлекеттік сыйлығының иегерлері Санат:Ресей актерлері Санат:КСРО актерлері