Зарядты байланысқан аспаптар (орыс. Приборы с зарядовой связью) - заңына бағынатын және сыртқы өріс әсерінен шалаөткізгіш кристалл ішінде пайда болатын потенциалдық шұңқырларда (ПШ) жинақталған зарядтарды сыртқы электродтағы кернеу өзгерісіне сәйкес бір ПШ-дан екіншісіне беретін интегралдық шалаөткізгіш аспап. Зарядты байланысқан аспаптар төсеніштен оқшауланған және бір-біріне жақын орналасқан бірнеше жаппалардан (металл-диэлектрик-шалаөткізгіш) тұрады. Осы жаппалар астында бастаудан құймаға қарай инжекция немесе төсеніш ішінде оптикалықсәуленің жұтылуынан пайда болған негізгі емес заряд тасымалдаушылардың ақпараттық топтары тасымалданады. Зарядты байланысқан аспаптарды фотосезімтал, жадылық құрылғыларда, сигналды интегралдық схемаларда, аналогтік және сандық өңдеуде қолданады. Осы зарядты байланысқан аспаптарды көп функциялы иформационды системада пайдалануды 1970 ж. Американ физиктері У.С.Бойл мен Дж.Э. Смит ұсынған. Радиотехника, Компьютер және байланыс сөздігі, Алматы 2007