Концептуализм - схоластикалық философиялық бағыт; өкілдері - Абеляр, Иоанн Солсберийский және басқалар. Бесаспап заттар туралы айтыста концептуалистер номиналистер (Номинализм) секілді реализм ілімінен (Орта ғ. Реализм) бас тарта отырып, жекелеген заттарға тәуелсіз, нақты ортақ нәрсенің болатындығын теріске шығарды, алайда номиналистерден өзгешелігі - ақыл-ойда жалпылама ұғым-түсініктердің, ақиқатты танып-білудің ерекше формасы ретіндегі концепттердің болатынын мойындады. Кейіннен Локк та концептуализм айқындамаларына жақын болды. Дереккөздер "Қазақ энциклопедиясы" - (Қазақстан, Ұлттық Энциклопедия)
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Концептуализм · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.