Прогерия ( — астам, — шал) — өте сирек кездесетін генетикалық аурулардың бірі. Прогерия кезінде адам терісі мен ішкі мүшелерінің өзгеріске ұшырауы байқалады. Бұл ағзаның мезгілсіз қартаюымен пайымдалады. Прогерия балаларда (синдром Гетчинсон (Хатчинсон)-Гилфорд синдромы) және ересек адамдарда (Вернер синдромы) кездеседі.
Қазіргі таңда, әлемде 80-ге жуық прогериямен ауырған жағдай тіркелген, оның ішінде 6 жасар Адалия Роуз (Adalia Rose), 13 жасар қыз – Хэйли Окинс, 7 жасар Ашанти Элиотт-Смит, сондай-ақ 12 жасар Онталаметсе Фалатсе (Ontlametse Phalatse). Фалатсе Йоханнесбургқа жақын қалашығында тұрады, ол прогериямен ауырған жалғыз негроидтық нәсілді адам. Сондай-ақ әлемге танымал болған, прогериямен ауырып, 2011 жылдың 5 маусымында қайтыс болған YouTube қолданушысы – Леон БотаMultimedia Slideshow: Transcend and Transgress — Mail & Guardian. Леон өзінің тағдырына қарамастан YouTube желісінде өзінің видеоблогын жүргізеді, сондай-ақ ол диджей және xип-хоп орындаушы. Осы аурумен ауырған тағы да бір талант иесі – америкалық үгіттеуші спикер, 17 жасар кезінде қайтыс болған Сэм Бернс.
Дереккөздер
Әдебиет
Санат:Қартаю Санат:Автосомалық-рецессивті аурулар Санат:Сирек аурулар