Михай Мункачи (; шын фамилиясы — Либ (Lieb); 1844—1900) — венгр кескіндемешісі. 1862—63 ж. Э. Самошиден, 1865 ж. Вена және 1866—68 ж. Мюнхен Көркемсурет академиясында, 1868—69 ж. Дюссельдорфта Л. Кнаустан оқыды. Жасынан еңбекші бұқарамен етене араласып өскендіктен оның өнерде халық басты тұлғаға айналды. 19 ғасырдың 60 жылдарынан Мункачи өмірді шынайы бейнелейтін суреткер ретінде көзге түсті. Оның суреттеріне психология өткір дәлшілдік, сәуле мен көлеңке қарама-қарсылығының барынша айқындығы тән. Еңбектері өз заманының әлеуметтік тақырыбына («Өлім камерасы», «Өлім жазасына кесілген адамның соңғы күні», 1870; Филадельфия, Әсемдік өнер академиясы; «Түнгі қаңғыбастар», 1873, Венгр ұлттық галереясы; «Ломбард», 1874, Нью-Йорк, Метрополитен-музей), 1848—49 жылдардағы венгр халқының азаттық күресі оқиғасына («Жіп иірушілер», 1871, Венгр ұлттық галереясы), әдеби-тарихи желіге («Соқыр Мильтонның қыздарына «Жоғалған жұмақты» жатқа жаздыруы», 1878, Ныо-Йорк, Ленокс кітапханасы) құрылған. 90 жылдары Венгрия тарихына арналған үлкен композициялық туынды жасаумен шұғылданды. Портрет, пейзаж, натюрморт жанрында да еңбек етті. Венгр Халық Республикасында Мункачи атындағы сыйлық тағайындалды.Қазақ Совет Энциклопедиясы,8 том Дереккөздер
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Михай Мункачи · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.