thumb|right|200px|Күміс нитраты (I) Күміс нитраты немесе Ляпис - түссіз, мөлдір кристалды зат. Формуласы: AgNO3.
Қасиеттері
Тығыздығы — 4,352 г/см³. Балқу температурасы — 209,7 °C. 300 °C-тан астам температурада ыдырайды. Метил спиртінде еруі — 3,6 г/100 г; этил спиртінде — 2,12 г/100 г; ацетонда — 0,44 г/100 г; пиридинде — 33,6 г/100 г (20 °C).
Алынуы:
Күміс нитраты (I) тұз қышқылының реактивы болып саналады:
Қыздырғанда күміс металы түзеледі:
Емдік қасиеті thumb|left|Күміс нитратының (ляпистің) адам терісінде қалдыратын іздер. Кілегей қабығы қабынғанда, жалақ, ойық жара пайда болғанда, бленнорея ауруы кезінде май түріндегі ляписті теріге жағады. Ляпистің 2%-дық ерітіндісін соз ауруынан алдын-ала сақтандыру үшін сәбидің көзіне тамызады. Тыныс органдарының кілегей қабығы қабынғанда антисептикалық және қабынуға қарсы дәрі ретінде ляпистің ақуызды препараты (протаргол), ал іріңді жараны, қуықты жууға каллоидты препаратын (колларгол) қолданады. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:Күміс қосылыстары Санат:Нитраттар