Ащысу – Ертіс алабындағы өзен.

Географиялық орны Шығыс Қазақстан облысы, Жарма, Аягөз, Абай ауданы аудандары жерімен ағады. Ұзындығы 349 км, су жиналатын алабы 18100 км2.

Бастауы Бастауын Жақсы Қойтас, Жаман Қойтас, Сарытау баурайындағы бұлақтардан алып, Шаған өзеніне құяды.

Гидрологиясы Өзен жағасы жарлауытты (биіктігі 2 м-ге жетеді) келген. Негізінен қар суымен толығады. Жылдық орташа су ағымы 0,34 м3/с (Үшбиік темір жол стансасы тұсында). Суы мал суаруға пайдаланылады.Атамекен Географиялық энциклопедия. Алматы 2011 ISBN 9965-893-70-5

Дереккөздер

Санат:Абай ауданы (Абай облысы) өзендері Санат:Аягөз ауданы өзендері Санат:Жарма ауданы өзендері Санат:Ертіс су алабы