Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі — агроөнеркәсіптік кешен, суармалы егіншілік, жер ресурстары, балық ресурстарын қорғау салаларына басшылық ететін Қазақстан Республикасының Үкіметі құрамына енетін орталық атқарушы орган.
Министрліктің негізгі міндеті мемлекеттің аграрлық саясатын, реттелетін салаларда даму жоспарларын, ұлттық жобаларды қалыптастыру; бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы тауарының өндірісін құру негіздерін қалыптастыру, Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін және жұмылдыру дайындығын қамтамасыз ету; агроөнеркәсіптік кешенді ақпараттық-консультациялық қамтамасыз ету; реттелетін салаларда салааралық үйлестіруді және мемлекеттік басқаруды жүзеге асыру; өз құзыреті шегінде өзге мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылықты жүзеге асыру; жер ресурстарын ұтымды және тиімді басқаруды қамтамасыз ету саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру; балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану, сондай-ақ акваөсіру саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру; өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне жүктелген өзге де міндеттерді жүзеге асыру.Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң кейбiр мәселелерi
Комитеттері Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті Балық шаруашылығы комитеті Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Жер ресурстарын басқару комитетіҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің құрылымы
Қарамағындағы ұйымдар "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия" РММ "ҚазАгрЭкс" АҚ (Қазақстан аграрлық сараптамасы) "Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы" КеАҚ "Азық-түлік келісімшарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ "Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы" ЖШС
Тарихы Алғаш рет жер бөлісі, техникалық мәдениет және мал шаруашылығы министрліктерінің бірігуінің нәтижесінде 1947 ж. одақтық-республикалық министрлік ретінде құрылды.1 Қазақ КСР ОММ, 1137-қ., 1п-т„ 143-іс, 203-п. 1985 ж. желтоқсанда Қазақ КСР Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитетінің құрамына кірді.2 "Агроөнеркәсіптік кешенді басқаруды одан әрі жетілдіру туралы" КСРО КОКП ОК мен Министрлер Кеңесінің 1985 ж. 14 қарашадағы №1114 қаулысын жүзеге асыру туралы" Қазақ КСР КОКП ОК мен Министрлер Кеңесінің 1985 ж. 2 желтоқсандағы № 432 қаулысы (Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулылары, 1985 ж. желтоқсан, 3— 10-бап).
1990 жылы 20 желтоқсанда Қазақ КСР Президентінің Жарлығымен Мемлекеттік агроөнеркәсіп комитеті мен Нан өнімдері министрлігінің негізінде Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігі құрылды.О реорганизации органов государственного управления в Казахской ССР ҚР Ауыл шаруашылығы және азық-түлік министрлігінің қайта аталуының нәтижесінде ҚР Президентінің 1992 ж. 7 ақпандағы Жарлығымен3 "Экономикалық реформа жағдайында Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының ұйымдастырылуы мен қызметін жетілдіру туралы" ҚР Президентінің 1992 ж. 7 ақпандағы № 600 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 1992, № 4, 54-бап). 1992-2000 жж. кезеңдегі мемлекеттік органдар туралы мәліметтер: қараңыз-Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік органдары (1991 ж. 16 желтоқсан - 2001 ж. 1 қаңтар). Анықтамалық. ҚР ПМ. - Алматы: БҮ "Эдельвейс", 2004. 235-247 б. (Құрастырушылардың ескертпелері). Ауыл шаруашылығы қайтадан құрылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 мамырдагы қаулысымен4 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 ж. 16 қарашадағы № 1731 қаулысына езгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 2 мамырдағы № 584 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, №16, 207-бап). министрліктің құқықтық мәртебесі өзгертілді. Жаңа редакңияда: басшылықты, сондай-ақ зандармен көзделген шектерде астық рыногы саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекеттік астық ресурстарын басқаруды, ауыл шаруашылығы саласы, сондай-ақ мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсіру, мелиорация, ирригаңия және дренаж саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болып табылады. Тиісті өзгертулер министрліктің негізгі міндеттеріне де енгізілді. Атап айтқанда, негізгілердің қатарына қосымша астық өндіру, элиталық тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік саясатты әзірлеу және іске асыру қосылды. ҚР Үкіметінің 2001 ж. 22 қыркүйектегі қаулысымен5 "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне езгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" ҚР Үкіметінің 2001 ж. 22 қыркүйектегі № 1222 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2001, №33, 431-бап). министрліктің құқықтық мәртебесі өзгертілді. Жаңа редакңияда: басшылықты, сондай-ақ зандармен көзделген шектерде ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өндеу, астық рыногы саласындағы мемлекетгік саясатгы іске асыруды, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, сондай-ақ мемлекетгік астық ресурстарын басқаруды, ауыл шаруашылығы саласы, сондай-ақмалдәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсіру мелиорация, ирригация және дренаж саласында салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын ҚР орталық атқару органы болып табылады. Тиісті өзгертулер министрліктің негізгі міндеттеріне де енгізілді. Атап айтқанда, негізгілердің қатарына қосымша ауыл шаруашылығы машиналарын жасау және ауыл шаруашылығы шикізаттары мен өнімдерін алғашқы өндеу саласындағы мемлекетгік саясатты әзірлеу және іске асыру, сондай-ақ өндіріс қызметінде, осы салада тікелей жұмыс істейтін субъектілерін реформалауда және оларды заңнамаға сәйкес қаржылай сауықтыруда әдістемелік басшылық жасау қосылды. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы қаулысымен6 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қызметіне байланысты жекелеген мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 28 маусымдағы № 704 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 20, 215-бап). министрліктің негізғі міндеттеріне толықтырулар енгізілді: 1) ауыл шаруашылығы өндірісінде, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал өсіру мелиорация, ирригация және дренаж саласында, өз құзіреті шегінде ауыл шаруашылығы ғылымы саласында мемлекеттік саясатты іске асыруды және үйлестіруді жүзеге асыру; 2) аймақтық саясатты іске асыруға қатысу. ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы Жарлығымен7 "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру шара- лары туралы" ҚР Президентінің 2002 ж. 28 тамыздағы № 931 Жарлығы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 28, 307-бап). министрлікке таратылған ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің су ресурстары, орман, балық және аң шаруашылығын басқару саласындағы функциялары мен өкілеттіктері берілді. ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандагы қаулысымен8 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері" ҚР Үкіметінің 2002 ж. 7 қазандағы № 1096 қаулысы (ҚР ПҮАЖ, 2002, № 33, 357-бап). министрлік туралы жаңа ереже бекітілді. 1) ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитеті болып; 2) ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы жөніндегі комитеті ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы жөніндегі комитеті болып; 3) ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып; 4) ҚР Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман, балық және аң шаруашылығы жөніндегі комитетінің аумақтық органдары-мемлекеттік мекемелері болып қайта ұйымдастырылды. Ережеге сәйкес министрлік ауыл шаруашылығы, орман, балық және аң шаруашылығы, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, су ресурстарын, өсімдік және жануарлар дүниесі ресурстарын басқару аясында, ауыл шаруашылығы машиналарын жасау, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж, тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі сусындарды, темекі бұйымдарын, былғары (тері илеу және өңдеу), талшықты мақтаны және жүнді қайта өндеуді, астық рыногын қоса алғанда, өңдеу өнеркәсібі саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде мемлекетгік саясатты әзірлеу мен іске асыруды салааралық үйлестіруді, оған қатысушылардың қызметін үйлестіру мен реттеуді, астықтың мемлекеттік ресурстарын басқаруды, сондай-ақ оның жүзеге асырылуын бақылауды жүзеге асыратын ҚР орталық атқарушы органы болып табылды. Министрліктің ведомстволары болды: Су ресурстары жөніндегі комитеті, Орман, балық және аң шаруашылығы жөніндегі комитеті. Министрліктің облыстарда, Астана және Алматы қалаларында, қалалар мен аудандарда аумақтық органдары болды. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болды: ауыл шаруашылығы, орман, аңшылық және балық шаруашылығы өндірісінде, суды пайдалануда, астық өндірісі, таңдаулы тұқым шаруашылығы, мал дәрігерлігі, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы тамақ өнімдерін өндіру бөлігіндегі өндеуші өнеркәсіп саласында, өз құзіреті шегінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтары, ауыл шаруашылығы ғылымы саласында, мемлекеттік саясатты әзірлеу, іске асыру және үйлестіру; өз құзіреті шегінде аймақтық саясатты іске асыруға қатысу; денсаулық сақтау органдарымен бірлесіп, халықтың денсаулығын малға және адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру; рыноктарда, өнім өндіру, дайындау, сақтау, қайта өңдеу және сату кәсіпорындарында, сондай-ақ тасымалдау кезінде мемлекеттік ветеринарлық қадағалауды жүзеге асыру; мемлекеттік ветеринарлық қадағалау объектілерінің қауіпсіздігін, ветерниарлық-санитарлық жағдайды бақылау; КР аумағын басқа мемлекеттерден шыққан жүқпалы және экзотикалық аурулардың әкелінуі мен таралуынан, сондай-ақ карантиндік объектілерден қорғауды және республика аумағын шет елдерден немесе карантиндік аймақтан карантиндік объектілердің әкелінуінен немесе өз бетімен еніп кетуінен қорғауды ұйымдастыру; өз құзіреті шегінде ветеринария саласындағы жеке және заңды тұлғалар қызметін жүзеге асыру кезінде қоршаған ортаның ластануының алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу; ауыл, орман, балық және аңшылық шаруашылығын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамытудың, сондай-ақ су ресурстарын ұтымды пайдалану мен қорғаудың мемлекеттік және өзге де бағдарламаларын әзірлеуге әрі іске асыруға қатысу; агроөнеркәсіп кешенінің маркетинг қызметін дамытуға және ақпараттық қамтамасыз ету жүйесін қалыптастыруға жәрдем көрсету; өндіріс қызметі, ауыл шаруашылығы өндірісі саласында тікелей жұмыс істейтін шаруашылық жүргізуші субъектілердің өндірістік қызметіне, оларды реформалауға және заңнамаға сәйкес оларды қаржылай сауықтыруға әдістемелік басшылық жасау; ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерді техникалық және энергетикалық қамтамасыз ету, химияландыру және ауыл шаруашылығы суымен жабдықтау, мелиорация, сервистік қызмет көрсету саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру; жер қатынастарын дамыту, әр түрлі ауыл шаруашылығы ұйымдарының тиімді жүмыс істеуі үшін құқықтық және әлеуметтік-экономикалық шарттарды жетілдіру, жердің құнарлылығын сақтау мен арттыруға әрі оларды үтымды пайдалануға бағытталған іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; ветеринария, фитосанитария, асыл тұқымды мал шаруашылығы, мелиорация, ирригация мен дренаж саласын, астық сапасына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; өсімдіктерді қорғау мен олардың карантині саласындағы заңнаманың және белгіленген ережелердің сақталуын әрі республика аумағында өсімдіктер карантині және оларды қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру; орман ресурстарын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі ресурстарын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қорғау, өсімін молайту, пайдалану саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру, су