Келінтөбе — Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы ауыл, Келінтөбе ауылдық округі орталығы.

Халқы Тұрғыны 3569 адам (2009 жылдың мәліметі). Код КАТО — 434045100.

Географиялық орны Аудан орталығы - Жаңақорған кентінен оңтүстік-шығысқа қарай 70 км жерде, Сырдария өзенінің сол жағалауында, сарсазан, қамыс, құрақ өскен сұр, сортаңды сұр топырақты шөлдік белдемде орналасқан.

Тарихы Іргесі 1964 жылы Түгіскен алқабын игеруге байланысты Келінтөбе каналын (Зұлпыхар Мұсаханов атындағы) салу кезінде қаланды. 1964– 97 жылдары күріш өсіретін “Келінтөбе” кеңшарының орталығы болды. 1997 жылдан ауылда 28 шаруа қожалығы құрылған.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, кітапхана, мәдениет үйі, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, аурухана, т.б. мекемелер бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IV том

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер Викимапияда

Санат:Жаңақорған ауданы елді мекендері