Толчинский Виктор ЯковлевичҚазақ Энциклопедиясы (1933 жылы туған, Ресей, Орел қаласы) – график-суретші. КСРО Суретшілер одағының мүшесі (1964). И. Е. Репин атындағы Ленинград (қазіргі С.-Петербург) көркемсурет институтын бітірген (1962). Қазақстан көркемсурет қорының Ақмола көркемсурет шеберханасында жұмыс жасаған. Басты линогравюралық «Целина», «Целиноград строится», «Нефтяные камни» шығармаларымен қатар «Люды целины», «Пахота», «Метель», тағыда басқа портреттері бар. Респ., бүкілодақтық көрмелерге қатысқан.
Дереккөздер