Рақымжан Тоқатайұлы Тоқатаев (5 қаңтар 1923 жыл, Қаракемер, қазіргі  – 6 желтоқсан 2011 жыл, Есік) — кеңестік әскери, 1672-танктерге қарсы жойғыш артиллериялық полкінің қару бағыттағышы (38-армия), Кеңес Одағының Батыры.

Шапырашты руынан шыққан.

Рақымжан Тоқатаев Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Қаракемер ауылына қарасты, Киров колхозында 1923 жылы 5 қаңтарда дүниеге келген. Бұл ауылдан аттанған көп азаматтардың ішінен екі Кеңес Одағының Батыры шыққан. Бірі Рақымжан Тоқатаев болса, екінші – Кеңес Одағының Батыры Қашаған Жаманқараев. Ол Батыр атағынан бөлек, осы марапатқа тең дәрежедегі «Ерлігі үшін» медалінің, сондай-ақ, 3 дәрежелі Даңқ орденінің және 1-дәрежелі Отан соғысы орденінің иегері.

Екі рет «Халық ағарту ісінің үздігі» белгісімен және Жоғарғы Кеңестің құрмет грамоталарымен марапатталған. Бірнеше рет ауылдық Кеңестік депутаттығына сайланған, сонымен қатар, бірнеше жыл қатарынан аудандық партия комитетінің мүшесі болған.

Рақымжан Тоқатайұлы еңбек жолын Есік қаласында ұстаз болып бастады. 1942 жылы Кеңес әскерінің қатарына алынып, отанды қорғауға барды. Украина майданы құрамында Курск, Киев, Житомир бағытындағы шайқастарға қатысып, Чехословакия жұртшылығын жаудан азат етті. Старшина дәрежесінде танкке қарсы зеңбіректің жетекшісі болды.

1945 жылдың көктемінде Карпат жотасында болған ұрыста 13 неміс танкін атып жойды. Сол шайқаста көрсеткен ерлігі үшін «Кеңес Одағының Батыры» атағына ие болып, III дәрежелі «Даңқ орденімен» марапатталды.

Сілтемелер Истребитель танков Рахимжан Токатаев Новость о кончине Токатаев Ракымжан Токатаевич — Герой советского Союза http://almaty-akshamy.kz/?p=5686 http://egemen.kz/old/2010/?p=6207 http://www.inform.kz/kaz/article/2266001

Санат:1923 жылы туғандар Санат:Еңбекшіқазақ ауданында туғандар Санат:2011 жылы қайтыс болғандар Санат:Есікте туғандар Санат:Кеңес Одағының батырлары Санат:Ұлы Отан соғысы артиллеристері Санат:Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті түлектері