Ғизат Әліпов ауылы (2010 жылға дейін - ҚызылобаҚұрманғазы ауданы Дыңғызыл селолық округінің Қызылоба ауылын Ғизат Әліпов ауылы деп қайта атау туралы) — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Дыңғызыл ауылдық округінің құрамына кіретін ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан солтүстік-батысқа қарай 36 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 847 адам (434 ер адам және 413 әйел адам) болса, 2009 жылы 611 адамды (312 ер адам және 299 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 446 адамды (241 ер адам және 205 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Әлеуметтік және мәдени нысандары Ж. Нәжімеденов атындағы орта мектеп — 1932 жылы бастауыш мектеп болып ашылған. 1933 жылы 7 жылдық оқу орыны болып қайта құрылды. 1990 ж. Жұмекен Нәжімеденовтың есімі беріліп 2000 жылы ол орта мектепке, 2015 жылы қайтадан негізгі орта мектепке айналды. 2019 жылы мектептің жаңа ғимараты пайдалануға берілді.https://nazhimedenov.kurmangazy-bb.kz/kz/mektep-turaly/tarikhy.html Мектеп тарихы «Қызылоба» ауылдық кітапханасы — Кітапхананың 257 оқырманы, 6438 кітап қоры бар.«Ақ Жайық» газеті 24.09.2021

Елді мекендегі көшелер Береке көшесі Бірлік көшесі Ғалиден Қазбеков көшесі Ғизат Әліпов көшесі Жаңа құрылыс көшесі Кеңжайлау көшесі Қарағайлы көшесі Нұрлыжол көшесі Тоғайлы көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері