Иманов — Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Мақаш ауылдық округінің құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы — Құрманғазы ауылынан шығысқа қарай 14 км-дей жерде орналасқан.

Халқы 1999 жылы тұрғындар саны 308 адам (158 ер адам және 150 әйел адам) болса, 2009 жылы 274 адамды (140 ер адам және 134 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 243 адамды (125 ер адам және 118 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Елді мекендегі көшелер Сүндет Қажетов көшесі

Дереккөздер

Санат:Құрманғазы ауданы елді мекендері