Иван Васильевич Лучицкий (1845 жыл 14 маусым, Каменец-Подольский - 1918 жыл 22 тамыз, Киев) - орыс тарихшысы, либералдық-халықтық бағыттың өкілі. Еңбек жолы 1908 жылы Петербург ғылым академиясының корреспондент мүшесі болды. 1907 жылы мемлекеттік 3-думаға сайланды. XVI ғасырдағы Франциядағы діни соғыстарға арналған алғашқы зерттеулерінде Лучицкий бұл соғыстардың саяси-әлеуметтік сипатын ашуды мақсат етті. Оның кейінгі еңбектері Ұлы Француз революциясы кезіндегі аграрлық мәселеге және Франция шаруалары тарихына арналған. Ол капитализмнің мануфактуралық кезеңіне байланысты шаруалар қауымының ыдырай бастағанын байқамады.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974ж., 7 том
Дереккөздер
Санат:Тарихшылар Санат:Тарихи тұлғалар Санат:1845 жылы туғандар Санат:1918 жылы қайтыс болғандар