Жаушықұм (1993 жылға дейін – Юбилейное)Об упоpядочении тpанскрибиpования на pусском языке казахских топонимов, наименовании и пеpеименовании отдельных администpативно-теppитоpиальных единиц Республики Казахстан — Түркістан облысы Шардара ауданындағы ауыл, Жаушықұм ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы – Шардара қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 12 км жерде, Сырдария өзенінің оң жағалауындағы бұта аралас бұйырғын, жусан, баялыш өскен сортаң құмды, шалғынды бозғылт қоңыр топырақты шөлдік белдемде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен14171591 2533 159,2 836 1332 159,3 755 1201 159,1

Тарихы 1971 жылға дейін «Юбилейный» жүзім кеңшарының орталығы болып келді. Оның негізінде 1997 жылдан Жаушықұмда шаруа қожалықтары мен «Жаушықұм» серіктестігі жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Ауылда орта мектеп, клуб, кітапхана, дәрігерлік амбулатория бар. Тұрғындары көрші елді мекендермен автомобиль жолы арқылы қатынасады.

Дереккөздер

Санат:Шардара ауданы елді мекендері