Қызылбұлақ - Ақтолғай қырқасының шығысындағы бұлақ. Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Қалдайбек ауылының оңтүстік-батысында 34 км жерде орналасқан.
Теңіз деңгейінен шамамен 200 м биіктікте жатыр. Солтүстігінде Қараадыр, батысында Қызылқұдық құдықтары, шығысында Алшынсай құмы бар. Көктемде еріген қармен бірге жылға болып ағадыҚазақстан табиғаты. Т. 4. М-С /ред. Б. Аяған.- Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2012.- 304 б..
Дереккөздер
Санат:Қазақстан бұлақтары