Расмус Христиан Раск (дат. Rasmus Christian Rask; 22 қараша 1787 — 14 қараша 1832) — даниялық лингвист, шығыстанушы, тарихи-салыстырмалы тіл білімінің негізін салушыларының бірі.https://bigenc.ru/linguistics/text/3493897 25 тіл және диалектілерді меңгерген полиглот болған.https://www.britannica.com/biography/Rasmus-Rask Копенгаген университетінде сабақ берген. Скандинавия тіл білімінің негізін салушы.

Еңбектері "Көне солтүстік немесе исланд тілінің шығу тегін зерттеу" және "Фракия тілдерінің тобы" деген негізгі еңбектерінде ол герман, литван, cлавян, латыш және грек тілдерінің туыстық байланысын дәлелдеді. Расмус Христиан Раск бұл тілдердің туыстық қатысын анықтауда олардың грамматикалық құрылысынан гөрі, лексикалық құрамына көбірек назар аударды. Ол былтық тілдері үндіевропа тілдерінің жеке тобы екендігі туралы да өз ойын білідірді.Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1976 ж. 9 том

Дереккөздер

Санат:Копенгаген университеті оқытушылары Санат:Копенгаген университеті түлектері Санат:Тілтанушылар Санат:Дания тілтанушылары