190px|thumb|Кацура Таро Кацура Таро (1847 жыл 28 қараша, Ямагути — 1913 жыл 10 қазан, Токио) — Жапонияның мемлекет қайраткері, генерал.
Өмірі Тёсю княздығындағы самурайлар арасынан шыққан. 1868 жылғы төңкеріс кезінде император жағын қолдап, Киотода оның сарайын қорғап, сегунат жақтастарымен бірге Солтүстік Жапонияда соғысты. 1870—1873 жылдары Берлиндегі әскери училищеде оқыды. 1875—1878 жылдары Берлиннің жапон елшілігінде әскери атташе қызметін атқарды.
1894-1895 жылдары Жапон-Қытай соғысында ерекше көзге түсті. 1898—1900 жылдары — әскери министр. 1901—1905, 1912—1913 жылдары — премьер-министр. Ағылшын-жапон одағын ұйымдастырушылардың бірі. Англия мен АҚШ-тың қолдауымен Кацура үкіметі 1904—1905 жылдары Жапонияның Ресейге қарсы соғысын ашты. Қазақ Совет Энциклопедиясы, Алматы, 1974 ж., 5 том
Дереккөздер
Санат:1847 жылы туғандар Санат:1913 жылы қайтыс болғандар Санат:Тайвань генерал-губернаторлары Санат:Жапония генералдары Санат:Кадзоку Санат:Жапония премьер-министрлері Санат:Жапония сыртқы істер министрлері Санат:Жапония қаржы министрлері