Евгений Данилович Сурков(31.10.1915 жылы туған, қазіргі Горький-28.08.1988, Маскеу)- орыс кеңес әдебиет және театр сыншысы, өнертану ғылым кандидаты (1952), РСФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткері (1970).

1950 жылдан КОКП мүшесі.

1936 ж. Горькийдің педагогикалық институтын бітірді. 1947-1949 ж «Правда» газеті редакциясында қызмет етті. 1953-1955 ж. «Советская культура» газеті бас редакторының орынбасары, 1959-1963 ж. «Литературная газета», ал 1957 жылдан «Знамя» журналы редколлегиясының мүшесі болды. 1969 жылдан «Искусство кино» журналының бас редакторы. Мақалалары 1930 жылдан жариялана бастады. Оның негізгі еңбектері совет драматургиясының тарихы мен теориясын сөз етеді. «Халық келешекке қарайды» атты көлемді мақаласы (1959) Мәскеуде өткен қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндігіне қатысқан Қазақ драма театрының спектакльдеріне арналды. 1953 жылдан педагогикалық қызметпен шұғылданады.

Сыйлықтары Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған.Қазақ Совет энциклопедиясы, 1976 жыл, Алматы,10 том, 451 бет

Дереккөздер

Санат:13 қарашада туғандар Санат:1915 жылы туғандар Санат:Төменгі Новгородта туғандар Санат:28 маусымда қайтыс болғандар Санат:1988 жылы қайтыс болғандар Санат:Мәскеуде қайтыс болғандар Санат:КСРО әдебиет сыншылары Санат:КСРО театр сыншылары Санат:КСРО киносыншылары Санат:КСРО редакторлары Санат:КСРО педагогтары Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Құрмет Белгісі орденінің иегерлері Санат:РКФСР-дің еңбек сіңірген өнер қайраткерлері Санат:1941-1945 жж. Ұлы Отан соғысындағы қажырлы еңбегі үшін медалінің иегерлері Санат:КСРО бас редакторлары Санат:КОКП мүшелері Санат:Культура газетінің қызметкерлері Санат:Литературная газета журналистері Санат:КОКП ОК жанындағы Қоғамдық ғылымдар академиясы оқытушылары