Краков көтерілісі - Краков жұмысшыларының билеуші буржуазия помещиктік топқа қарсы 1923 жылғы 6 қарашадағы қарулы көтерілісі. Көтеріліс туралы Коммунистік партия жұмысшыларды шешуші күреске шақырды. Қаланың үкімет орындары митингіге жиналған жұмысшы бұқарасына оқ атты. Қақтығыс кезінде 18 жұмысшы және 14 полиция адамдары мен солдаттары қаза болды. 6 қарашаның кешіне қарай қаланың жұмысшы аудандары көтерілісшілердің қолына көшті. Алайда, Польша социалистік партиясының (ПСП) басшылары үкіметпен келісімге келіп, көтерілісшілерді алдау арқылы 7 қарашада қарусыздандырды. Краков көтерілісі жұмысшы қозғалысының сол кездегі ең шарықтау шегі болды. Қазақ Совет энциклопедиясы, Алматы, 1975 жыл, 6 том, 63 бет

Дереккөздер

Санат:Көтерілістер Санат:Польша тарихы Санат:Тарих