Үлкенқақпақ – Іле алабындағы өзен.
Географиялық орны Алматы облысының Райымбек ауданы жерімен ағады. Ұзындығы 61 км, су жиналатын алабы 570 км2.
Бастауы Теріскей Алатауының солтүстік беткейіндегі бұлақтан басталып, Қақпақ елді мекені тұсында Текес өзеніне құяды.
Гидрологиясы Аңғары сағасынан 5 км-ге дейін таулық сипатта; ені 50-100 м. Жоғары бөлігінде жайылма жоқ, төменде 25-30 м. Арнасы 6-8 м. Қар, мұздық, жер асты суымен толығады. Орташа жылдық су ағымы 2,0 м3/с.«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, IX том
Дереккөздер
Санат:Райымбек ауданы өзендері Санат:Іле су алабы