Сарыөзек — Жетісу облысы Кербұлақ ауданындағы ауыл (2013 жылға дейін кент болған), аудан және Сарыөзек ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Талдықорған қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 90 км жерде, Жетісу (Жоңғар) Алатауының аласа таулы үстіртінде, тауаралық далада орналасқан.
Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен1223612291 15359 125 5972 7867 131,7 6319 7492 118,6
Тарихы Іргесі 1930 жылы Түрксіб темір жолының салынуына байланысты қаланған. Әскери кент ретінде салынған
Инфрақұрылымы Сарыөзекте нан комбинаты, ауыл шаруашылығы техникалық базасы, химиялық өндіріс орындары, локомотив депосы, ауданы өндірістік комбинаты, элеватор, электр стансасы, асфальт зауыты, жол құрылысы бөлімшесі, тағы басқа да кәсіпорындар бар. Сарыөзек арқылы Түркістан — Сібір темір жолы, Алматы — Өскемен, Алматы — Жаркент автомобиль жолдары өтеді.Қазақ энциклопедиясы, 7 том
Дереккөздер
Санат:Кербұлақ ауданы елді мекендері Санат:Қазақстанның бұрынғы кенттері Санат:Қазақстан темір жол бекеттері