Биназар — Жамбыл облысы Мойынқұм ауданындағы ауыл, Биназар ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы - Мойынқұм ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 67 км жерде. Шу өзенінің оң жағалық аңғарында, қамыс, құрақ, аралас бұйырған, еркек шөп, т.б. шөлдің сораңды шөптері өскен сортаң келген шалғынды сұр топырақты жазық ландшафтың қуаң агроклиматтық белдемінде орналасқан.

Халқы + Саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен13001377 1296 94,1 724 673 93 653 623 95,4

Тарихы 1982 - 1997 жылдар аралығында "Хантау" қаракөл қой өсіретін кеңшардың орталығы болып келеді. Оның негізінде 1997 жылдан Биназарда ӨК және бірнеше шаруа қожалықтары құрылды.

Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшер-акушерлік пункт, т.б. әлеуметтік мекемелер бар.

Дереккөздер

Санат:Мойынқұм ауданы елді мекендері