Қотанемел – Сарыарқаның оңтүстік-шығысындағы аласа жота.

Географиялық орны Абай облысы Аягөз ауданы Емелтау ауылының батысында 4 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 1089 м. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай ұзындығы 12–13 км-ге созылған, енді жері 8 км. Ең биік шыңы 1089 м. Беткейлері аз тілімденген төменгі пермь жыныстарынан түзілген. Оңтүстік-шығыс беткейі тік құлама.

Өсімдігі Құнарсыз сұр топырағында жусан, селеу, боз өседі. Жайылымдық ретінде пайдаланылады. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Аягөз ауданы таулары