Евгений Алексеевич Чудаков (21 тамыз 1890 жыл, Сергиевское, Тула губерниясы, Ресей империясы - 19 қыркүйек 1953 жыл, Мəскеу, РКФСР, КСРО) - машина тану және автокөлік техникасы саласындағы кеңес ғалымы.

Ғылыми жұмыстары мен атақтары КСРО ғылым академиясының академигі (1939,1933 жылдан корреспондент мүшесі). 1916 жылы Мәскеу жоғары техникалық училищесін бітіріп, сонда және басқа жоғары оқу орындарында сабақ берді (1926 жылдан профессор). Ғылыми автокөліктік лабораторияны (1918), Ғылыми автомотор институтын (1921), КСРО ғылым академиясының Машина тану институтын ұйымдастыруға қатысты (1938).

Еңбектері мен зерттеулері Негізгі еңбектері автокөлік теориясына арналған. Ол автокөлік орнықтылығын және оның элементтерінің беріктілік мәселелерін зерттеумен айналысқан. Машина бөлшектерінің беріктілік мәселесін шешуге үлес қосты, металдардың үйкеліс және тозу теориясын жасады. Сыйлықтары КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты(1943,1951). 2 рет Ленин орденімен және басқа ордендермен, медальдармен марапатталған. Қолданылған әдебиет Қазақ Совет энциклопедиясы, 1978 жыл, Алматы,12 том, 152 бет

Санат:1890 жылы туғандар Санат:1953 жылы қайтыс болғандар