Фабиандық социализм - ғыл. социализмнің антиподы ретінде пайда болған Англиядағы реформистік ағым. "Фабиастық социализм" деген ат римдік қолбасшы Фабий Кунктатордың (Медлительдің) есіміне байланысты берілген. 1884 жылы Англияда Фабиан қоғамы ұйымдастырылып, ол 1900 жылы әдеби-публицистикалық топ хұқымен лейбористік партияның құрамына енді. Ф. с. өкілдері: ерлі-зайыпты С. және Б. Вебб, М. Филлипс, Г. Уэллс, Б. Шоу және басқалар. Ф. с. ресми түрде қандай да болсын философиядан бас тартты, алайда оны жақтаушылардың көпшілігі дінді қолдап, тарихқа деген көзқараста идеялардың қоғам өміріндегі шешуші ролі туралы ілімді ұстанды, таптық күресті мойындамады. Санат:Ғылым Санат:Социализм Санат:Тарих Дереккөздер Қазақ Энциклопедиясы - "Философиялық сөздік"
Kaynak ve lisans
Kaynak: Wikipedia — Фабиандық социализм · katkı geçmişi.
Metin: CC BY-SA 4.0.
Metin düzenlemesi hakkında
Viki işaretlemesi ve şablonlar çıkarıldı; uzun metinler kısaltıldı.