Мырзахан Сыдықов Демесінұлы — артист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері. Ол 1951 жылы 21-ші желтоқсанда дүниеге келген. 1973 жылы Семейдің Мұқан Төлебаев атындағы музыкалық училищесін бітірген. Семей қаласындағы Абай атындағы музыкалы драма театрында 1983 жылдың 28-ші наурызынан бері қызмет етіп келеді. Кейінгі жылдары сомдаған рольдері:
Мұхтар Әуезов «Айман-Шолпан» - ақын Жарқын, Қортық шал Т. Ибрагимов, Т.Базарбаев «Жас Абай» - Абай У. Ғаджибеков «Аршын - Малалан» - Уәли С. Тұрғынбекұлы «Абай - Біржан» - Ақын Ысмайылов «Алдар-Көсе» - Шығай бай Шығыс ертегісінің желісі бойынша «Кішкентай Мукар» - Сұлтан «Аладдиннің сиқырлы шамы» - Уәзір Мұхтар Әуезов «Еңлік - Кебек» - Жапал Р. Отарбай «Ғасыр қасіреті» - Көрші С. Ахмад «Келіндер көтерілісі» - режиссер образы М. Ибраев «Шәкәрім» - Қаужақ С. Кенжеахметұлы «Жарысқазан» - Дәрігер Шыңғыс Айтматов “Боранды бекет” – Сәбитжан Мұқағали Мақатаев “Жан азасы” – Ақын.http://teatr.semstar.com/teatr-abaja-kz/sadykov-myrzakhan.html Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8
Дереккөздер
Санат:Қазақстан театр актерлері Санат:1951 жылы туғандар Санат:Шығыс Қазақстан облыстық Абай атындағы Қазақ музыкалық-драма театры әртістері Санат:Қазақстан мәдениет қайраткерлері