Сальвадор коммунистік партиясы - 1932 жылы, наурызда 1-съезде негізі қаланды. 1932 жылғы халық көтерілісіне белсене қатысты. 1944 жылы мамырда еңбекшілердің жаппай ереуілі нәтижесінде диктатура құлады. Бұл ереуілді ұйымдастыруда коммунистер маңызды роль атқарды. Партияның 3-съезінде Ұлттық бірлік программасы қабылданды. 5-съезінде жалпы және аграрлық программалар жобасы талқыланып, партияның жаңа уставы қабылданды. Қазақ совет энциклопедиясы

Дереккөздер