Жалқыбай Аралбаев (1921 ж.т., Маңғыстау обл. Жаңаөзен ауд.) — қоғам қайраткері.

Еңбек жолы Ашхабад педагогикалық институтын бітірген (1941).

1941-42 ж. Түрікменстанның Чаржау облысында орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі болды. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан (1942-45).

Бір жылдық партия мектебінің тыңдаушысы (1945-46), Қызылорда облыстық партия комитетінің лекторы (1947-51), Қазақстан Компартиясы ОК-нің лекторы (1951-60), Жамбыл облысы партия комитетінің насихат және үгіт бөлімінің меңгерушісі, хатшысы (1960-73).

Жезқазған облыстық партия комитетінің хатшысы (1973-83), Жамбыл қалалық атқару комитеті ономастикалық комиссиясының төрағасы (1988-91).

Марапаттары Аралбаев Жылқыбай Еңбек Қызыл Ту, Халықтар Достығы ордендерімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен, медальдармен марапатталған.

Санат:Қазақстан қоғам қайраткерлері Санат:Еңбек Қызыл Туы орденінің иегерлері Санат:Халықтар Достығы орденінің иегерлері Санат:Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасының иегерлері