Дуэйн Джонсон (, 1972 жылы 2 мамыр, Хейвард, АҚШ) — американдық балуан және киноәртіс, сонымен қатар Жартас (ағылш. The Rock) лақап атымен де әйгілі. 1996 және 2004 жылдар аралығында World Wrestling Federation/Entertainment (WWF/E) қатысқан. 2011 жылдан бастап қайтадан WWF/E жұмыс істейді. WWF/E сегіз дүркін чемпионы, WCW ауыр салмақтағы 2 дүркін чемпионы, 2 дүркін континентаралық WWF чемпионы және 5 дүркін WWF командалық чемпионы. Сонымен қатар Үштік Тәждің алтыншы чемпионы және 2000 жылы өткізілген Патшалық Шайқастың чемпионы.

2000 жылы «The Rock Says» атты автобиографиялық кітабын жазды. 2001 жылдан бастап киноға түсе бастады. Ал 2002 жылы «Сарышаяндар патшасы» фильмінде басты рөлде ойнады. Оған қоса, Джонсон «Мумия қайта оралады», «Walking Tall», «The Rundown», «Doom», «Tooth Fairy», «The Other Guys», «G.I. Joe: Retaliation», «Геракл» фильмдеріне және «Форсаж» киносериясында және т.б фильмдерде жеке рөл ойнаған.

Өмірбаяны Дуэйн Дуглас Джонсон АҚШ-тағы Калифорния штатының Хэйвард қаласында 1972 жылы мамыр айының 2-ші жұлдызында АҚШ-тағы Калифорния штатының Хэйвард қаласында әйгілі балуан Соулмен Рокки Джонсон мен промоутер Ата Майвиа құрған шаңырақта дүниеге келген. Оның анасының отбасы полинездікке жатады және олар Самоа аралдарынан, ал әкесі нова-шотландық. Оның анасы жағындағы атасы Хай Чиф Питер Майвия да балуан болған, ал әжесі 1982 жылдан 1988 жылға дейін Polynesian Pacific Pro Wrestling акцияларына басшылық еткен.Балалық шағының бірнеше жылын Оклендте(Жаңа Зеландия) анасының отбасында өткізген. Оклендта Ричмонд Роад атындағы бастауыш мектепте оқыған. Кейін 11-ші сыныпқа дейінгі оқуын Уилльяма Маккинли атындағы орта мектебінде білім алған. Мектеп бітіргеннен кейін Майами Университетіне оқуға түседі. 1995 жылы ол криминология және психология бойынша бакалавр дәрежесін алып университетті бітіреді. Универститетті бітіргеннен соң ол Канадалық футбол лигасының «Калгари Стампидерс» командасымен 3 жылдық келісімшартына қол қояды. Алайда, арқасынан алған ауыр жарақатының кесірінен кәсіби футболшы жолындағы мансабынан бас тартуға мәжбүр болды.

Жеке өмірі 250px|нобай|Дэни Гарсия және Джонсон, Трайбека фестивалі Джонсон 1977 жылдың 3-ші мамырында Дэни Гарсиямен отбасы құрады. 2001 жылдың 14 тамызында олардың қызы Симон Александра дүниеге келеді. 2007 жылдың 1-ші маусымында бұл жұп бұдан әрі бірге тұрмайтынын, алайда жақын дос болып қалатындығын жариялады. 2000 жылы «The Rock Says» атты автобиографиялық кітабын жазды. Дуэйн Джонсон Калифорнияның ескі губернаторы Арнольд Шварценеггердің жақын досы.

Фильмдер тізімі Жыл Қазақша атауы Түпнұсқа атауы Рөл 1999 70-ші жылдарының шоуы That '70s Show Рокки Джонсон 1999 Желі The Net Броуди 2000 Даг DAG Рок 2000 Жұлдызды жол: Вояджер Star Trek: Voyager Чемпион 2001 Алыс оқ Longshot Ұры 2001 Мумия қайта оралады The Mummy Returns Метаес 2002 Сарышаяндар патшасы The Scorpion King Метаес 2003 Амазон қазынасы The Rundown Бэк 2004 Жүрген бойшаң Walking Tall Крис Вон 2005 Күшті бол Be Cool Эллиот Вильгельм 2005 Дум Doom Эшер «Сержант» Махонин 2006 Екінші мүмкіндік Gridiron Gang Шон Портер 2007 Рено 911!: Маями Reno 911!: Miami агент Рик Смит 2007 Кори үйде Cory in the House өзін-өзі сомдаған 2007 Ханна Монтана Hannah Montana өзін-өзі сомдаған 2007 Ойын жоспары The Game Plan Джозеф Кингман 2007 Оңтүстік ертегілері Southland Tales Боксер Сантарос 2008 Ақылды бол Get Smart агент 23 2009 Вэйверли Плэйс сиқыршылары Wizards of Waverly Place өзін-өзі сомдаған 2009 Мыстан тауы Race to Witch Mountain Джек Бруно 2009 Ғаламшар 51 Planet 51 капитан Чарльз «Чак» Бейкер 2010 Гриффиндер Family Guy өзін-өзі сомдаған 2010 Тіс перизаты Tooth Fairy Дерек Томпсон 2010 Кубта Cubed өзін-өзі сомдаған 2010 Неге біз қайта үйленеміз? Why Did I Get Married Too Дэниел Франклин 2010 Басқа жігіттер The Other Guys детектив Кристофер Дэнсон 2010 Қайтадан сен You Again авиация маршалы 2010 Жылдам Faster Джеймс «жүргізуші» Каллен 2010 Трансформерлер: Прайм Transformers: Prime Клиффджампер 2011 Форсаж 5 Fast Five Люк Хоббс 2012 Саяхат 2:

Жұмбақ арал Journey 2: The Mysterious Island Хэнк Парсонс 2013 Сатқын Snitch Джон Мэтьюз 2013 G.I. Joe: G.I. Joe: Retaliation Марвин Хинтон / Роудблок 2013 Бейнет пен зейнет Pain & Gain Пол Дойл 2013 Форсаж 6 Fast & Furious 6 Люк Хоббс 2013 Эмпайр-стейт Empire State Джеймс Рэнсом 2014 Геркулес Hercules Геракл 2015 Форсаж 7 Furious 7 Люк Хоббс 2015 Форсаж: Артық жүк Fast & Furious: Supercharged Люк Хоббс 2015 Сан - Андреас күйреуі San Andreas Рэй Гейнс 2015 Ойыншылар Ballers Спенсер 2016 Моана Moana Мауи 2016 Бір жарым тыңшы Central Intelligence Боб 2016 Кіші Қытайдаңы үлкен қауіп Big Trouble In Little China Джек Бёртон2017Джуманджи: джунгли шақыруJumanji: Welcome to the Jungleдоктор Смолдер Брэйвстоун 2019 Шазам! Shazam! Қара А′дам2019Форсаж: Хоббс пен ШоуFast & Furious Presents: Habbs & ShawЛюк Хоббс 2019 Jumanji: The Next Level доктор Смолдер 2021Джунгли саяхатыJungle CruiseФрэнк2021Қызыл хабарламаRed NoticeДжон Хартли

Дереккөздер

Сілтемелер

Дуэйн Джонсон Facebook-те

Дуэйн Джонсон WWE профилі