Марқозы Имам күмбезі, Көктонды ата мазары – Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері тізіміне енген сәулет өнері ескерткіші.
Орналасқан жері Сауран ауданы, Еңбекшідихан ауылының оңтүстік шетінде.
Сипаты Шикі кірпіштен қаланған. Орта Азия сәулет өнеріне тән дәстүрлі портальды-күмбезді үлгімен тұрғызылған. Ұзындығы 12 м, ені 9 м. Мұнара ішінен бұрандалы баспалдақ жасалған.Оңтүстік Қазақстан облысының энциклопедиясы Отырар. Энциклопедия. – Алматы. «Арыс» баспасы, 2005 ISBN 9965-17-272-2
Қорымды жергілікті халық «Көктонды ата әулие қорымы» деп атайды. Көктонды атаның шын есімі туралы ел ішінде екі түрлі пікір бар. Бірі – Имам Марқозы (Марғұзи, Мерғазы, Мәруази). Екіншісі – Баба Машин. Ол ел аузындағы аңыз-әпсаналарға қарағанда Қожа Ахмет Ясауи заманында өмір сүріп, ол кісінің зікіршісі болыпты әрі осы өңірге Ислам дінін насихаттап, ел ішінде емшілікпен айналысқан таза жан болған деседі.
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кесенелері Санат:Түркістан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштері Санат:Түркістан облысы сәулеті