Джеймс Кэгни (1899 ж. 17 шілде — 1986 ж. 30 наурыз) — 1943 жылы үздік ер адам рөлі үшін «Оскар» сыйлығын алған, Голливудтағы ең танымал актерлердің бірі. XX ғасыр аяғында кино өнерінің Америкалық иституты Кэгниды Голливуд тарихындағы 10 ұлы актердің қатарына қосты. 1974 жылы дəл осы мекеме Джеймс Кэгниға өзінің «Кино өнеріне қосқан үлесі үшін» атты сыйлығын берген болатын.

Өмірбаяны Болашақ актер Манхеттанның Төменгі Ист Сайд ауданында ирландық азамат пен норвегиялық азаматшаның үйінде дүниеге келді. Жас кезінде даяшы болып жұмыс істеді, хорда əн айтты, ревюда əйел рөлдерін сомдады. 1920 жылдардың ортасында жұбайымен бірге комедиялық қойылымдарда ойнады. Алдымен Бродвейде, кейінірек Голливудта байқалды.

1931 жылы Кэгни "Warner Bros." студиясымен келісімшартқа тұрып, Нью-Йоркты «жұлдыздар фабрикасы» үшін тастап кетті. Оның кинодағы бесінші рөлі «Враг общества» (1931) фильміндегі тасжүрек қылмыскер болды. Осы рөлі оны жəне жанындағы əріптесін Джин Харлоуды танымал етті.

Кэгни Голливудта түсірілген классикалық фильмдерде «бұзық жігіттің» рөлін сəтті сомдап шықты. Оның қырылдаңқыраған, гүрілдеген дауысы оның сарқылмайтын жігерлілігінің көрсеткіші болатын. Өмір бойы актер өз образымен күресті. Оның фильмографиясы Шекспирдің экранизацияларынан (Макс Рейнхардттың «Сон в летнюю ночь» фильмі) бастап, сатиралық комедияларға дейін (Билли Уайлдердің «Один, два, три» фильмі) созылып жатады. Өзінің жалғыз «Оскарын» ол «Янки Дудл Денди» (1942) атты мюзикл үшін алды.

1957 жылы сəтсіз режиссерлік мансаптан кейін Кэгни фильмдердегі белсенділігін азайтты. 1970 жылдары денсаулығының нашарлауына байланысты, ол кино өнерінен толықтай кетіп, өмірбаяндық жазбалардан тұратын кітаптар жазды. 1981 жылы Милош Форманның шақыруымен «Рэгтайм» атты фильмде кішігірім рөлді сомдап, көрерменнің есінде қалды.

Актерді жерлеу рəсімінде ескі досы Рональд Рейган оны Американың үздік актері деп атады. Осыған дейін екі жыл бұрын Рейган АҚШ-тың ең үздік азаматтық марапатын - Президенттің Бостандық медалін оның кеудесіне таққан болатын.

Отбасы Ағалары: Эдвард Кэгни, Уильям Кэгни. Əпкесі: Джинн Кэгни. Əйелі: Фрэнсис Кэгни. Балалары: Джеймс Кэгни кіші жəне Кэтлин Кэгни.

Таңдаулы фильмографиясы ЖылыҚазақша атауыТүпнұсқалық атауыРөлі1931Қоғам жауыThe Public EnemyТом Пауэрс1931Өзге еркектердің аруларыOther Men's WomenЭд Бейли1931Ақылды ақшаSmart MoneyДжек1932Қауіпті аруLady KillerДэн Куигли1933Отты шеруFootlight ParadeЧестер Кент1935Жазғы түндегі түсA Midsummer Night’s DreamДжон1938Бетсіз періштелерAngels with Dirty FacesРокки Салливан1939Америкадағы солдаттың тағдырыThe Roaring TwentiesЭдди Бартлетт1941Құлпынай қызThe Strawberry BlondeТ. Ф. Граймс1942Янки Дудл ДендиYankee Doodle DandyДжордж М. Коэн1949Аппақ ыстықWhite HeatАртур «Коуди» Джерретт1950Ертеңге "Сау бол" деKiss Tomorrow GoodbyeРальф Коттер1952Атақтың бағасы қандай?What Price Glory?капитан Флэгг1955ТасадаRun for CoverМэтт Доу1955Сүй не кетLove Me or Leave MeМартин Снайдер1955Робертс мырзаMister Robertsкапитан Мортон1961Бір, екі, үшOne, Two, ThreeК. Р. Макнамара1981РэгтаймRagtimeкомиссар Райнлендер Уолдо

Дереккөздер

Санат:Нью-Йоркте қайтыс болғандар Санат:Жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болғандар Санат:Үздік актер үшін Оскар сыйлығының иегерлері